• Біздің парақшалар:

Эдгар Рамирез пен Роберт Де Ниро спорт драмасында

Боксшы - Роберто Дюран және актер - Эдгар Рамирез

Панамадан шыққан атақты боксшы - Роберто Дюран туралы фильм жасалады. "Тас жұдырық" ("Hands of Stone") деп аталатын драманы Венесуэла режиссері Джонатан Якубович түсірмек.

Атақты боксшының рөлінде Эдгар Рамирез ойнайды. Роберто Дюранның бапкері болған Рэй Арселдің бейнесін Роберт Де Ниро сомдайды. 

"Тас жұдырықтың" түсірілімі 2013 жылы қыркүйекте Панамада басталуы тиіс. Фильмнің прокатқа шығатын күні белгісіз.

Роберто Дюран - 1970-80 жылдардың ең мықты боксшыларының бірі. 4 салмақ категориясы бойынша әлем чемпионы аталған. Кәсіпқой бокстағы карьерасында 119 кездесу өткізіп, оның 103-де жеңіске жетті.

 

Дереккөз: deadline.com

Фотосуреттер: standnfight.comlatina.com

Пікірлер