• Біздің парақшалар:

Жетінші "Форсажды" Джеймс Ван түсіреді

"Fast & Furious 6" фильмінің (2013) бейнесі

Үшінші, төртінші, бесінші және алтыншы "Форсажды" түсірген Джастин Лин жобадан кеткенін жуырда мәлімдеп еді. Оның орнына басқа бір танымал франшизаны жасауға атсалысқан Джеймс Ван келді.

Джеймс Ван "Ара" ("Saw") фильмінің бірінші бөлімін түсіріп, қалған 6 сериясына продюсер болды. Universal Pictures кинокомпаниясы режиссерсіз қалған "Форсаж 7"-ге осы маманды лайық деп тауыпты.

Жылдам да қаһарлы қылмыскерлер туралы фильмнің жетінші сериясының түсірілімі биыл басталуы тиіс. Оны 2014 жылы жарыққа шығаруды жоспарлап отыр.

Алтыншысы биыл мамырда прокатқа шығады.

Пікірлер