• Біздің парақшалар:

Киану Ривз ғарыш туралы фантастикаға түседі

Киану Ривз (2008)

"Жолаушылар" ("Passengers") деп аталатын фантастикалық фильмде Киану Ривз басты рөл сомдамақ. Фильмге Брайан Кирк ("Тақтар ойыны" ("Game of Thrones") сериалы) режиссер болып тағайындалыпты.

Сюжетте алыс сапарға жіберілген ғарыш кемесінің жолаушысы туралы баяндалады. Ол криоген ұйқысынан 90 жыл ерте оянып кетеді. Қайтадан ұйықтауға мүмкіндігінен айырылған кейіпкер жалғыз болғысы келмей жолаушы қыздардың бірін оятып алады. 

Фильмге сценариді Джон Спэйтс ("Прометей" ("Prometheus") фильмі) дайындаған. Айта кетелік, "Жолаушылар" туралы алғашқы ақпарат 2010 жылы алғаш пайда болған еді. Жобаның өндірісі бірнеше жыл бойына кейінге шегеріліп келді.

 

Дереккөз: kinonews.ru

Фотосурет: flickr.com; Сreative Сommons лицензиясы

Пікірлер