• Біздің парақшалар:

"Галактика сақшыларына" Ли Пейс қосылды

Комикстер сериясына негізделген "Галактика сақшылары" ("Guardians of the Galaxy") фильмінің актерлік құрамына Ли Пейс қосылды. Актерге қандай рөл берілгені белгісіз, бірақ ол зұлым кейіпкерді сомдайды деп айтылуда.

Ли Пейс "Хоббит" трилогиясында эльфтер патшасы - Трандуил рөлімен белгілі. Сондай-ақ "Ымырт сагасы: Таң - 2 бөлім" (Гарретт), "Линкольн" (Фернандо Вуд) секілді фильмдерге түсті.

Осыған дейін де хабарлағанымыздай"Галактика сақшыларын" режиссер Джеймс Ганн экранға шығарады. Фильмде Крис Прэтт - Жұлдыз-Лорд (Star-Lord) рөлінде, Дэйв Батиста - Дракс-Қиратқыш (Drax the Destroyer) рөлінде, Зои Салдана - Гамора рөлінде және Майкл Рукер - Йонду ойнайды.

Фильмнің премьерасы 2014 жылғы 1 тамызға жоспарланған.

 

Дереккөз: kinonews.ru

Фотосурет: flickr.com; Сreative Сommons лицензиясы

Пікірлер