• Біздің парақшалар:

"Үндестік сабағы" арнайы дипломмен марапатталды

Қазақстан режиссері Эмир Байғазиннің "Уроки гармонии" ("Үндестік сабағы") фильмі Американың Tribeca фестиваліне қатысқанын біз осыған дейін хабарлаған едік. Картина осы шарада үздік режиссерлік дебют үшін әділқазылардың арнайы дипломына ие болыпты.

Кинофестиваль Нью-Йоркта 2013 жылы 17-28 сәуір аралығында өтті. Биыл Трайбека аясында 89 фильм көрсетілген. Village Voice басылымы фестиваль аясында міндетті түрде көруді қажет ететін үздік он картинаның тізіміне Эмир Байғазиннің туындысын енгізді.

Эмир Байғазин мен Роберт Де Ниро фестиваль кезінде

Tribeca кинофестивалі актер Роберт Де Ниро мен продюсер Джейн Розентальдың бастамасымен 2002 жылдан бері өткізіліп келеді. 

Еске сала кетелік, Эмир Байғазиннің "Уроки гармонии" фильмі 63-ші Берлин кинофестивалінде үздік операторлық жұмыс үшін "Күміс аю" жүлдесіне ие болған еді.

 

Дереккөз: Ш. Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясының баспасөз қызметі

Пікірлер

  • wh0cd325519 <a href=http://buyeurax.com/>crotamiton</a> <a href=http://robaxin.us.com/>robaxin</a> <a href=http://augmentin3.us/>augmentin 875mg</a> <a href=http://clonidine247.us.com/>purchase clonidine</a>