• Біздің парақшалар:

Люк Бессонның экшн-триллеріне Скарлетт Йоханссон түседі


Скарлетт Йоханссон / "The Avengers" фильмінің (2012) промо-фотосы

Француз режиссері Люк Бессон өзінің болашақ фильміне Скарлетт Йоханссонды шақырды. "Люси" ("Lucy") деп аталатын экшн-триллерде актриса басты рөлде ойнамақ.

Фильмде заңмен тыйым салынған есірткі затын тасымалдаумен айналысуға мәжбүр болған әйел туралы баяндалады. Бірде осы препарат әйелдің қанына түсіп, осының арқасында ол ерекше қабілеттерге ие болады: бас кейіпкер заттарды ойдың күшімен орнынан жылжыта алады және ауруға шыдамды болып шығады.

Люк Бессон жобаны түсіріп қана қоймай, сценариін де жазады. Түсірімнің қашан басталатыны белгісіз.

 

Дереккөз: lenta.ru; kinonews.ru

Пікірлер