• Біздің парақшалар:

Монстрлар Университетi: қазақша трейлер, постерлер

Disney / Pixar студиясы шығарған "Монстрлар Университетi" ("Monsters University") анимациялық фильмін қазақ тіліне дубляждау жұмыстары аяқталды. "Меломан" компаниясы аталған мульфильмнің Қазақстан прокатына арналған трейлері мен постерлерін жария етті.

"Монстрлар Университетi" - 2001 жылы жарық көрген "Монстарлар корпорациясы" мультфильмінің приквелі. Анимациялық фильмде басты кейіпкерлердің алғаш қалай кездескені, олардың қалай кәсіби бала қорқытушы болғандары туралы ертеректегі оқиға баяндалады. Осы құбыжықтардың университетке алғаш келгендегі жастау кездерін қазақ тіліне 10-11 жастағы үш бала мен екі қыз дубляждаған.

Кейіпкерлерді дыбыстау жұмысына кәсіби актерлармен қатар Алматы облысының  Бағанашыл кентіндегі №1 балалар үйінің тәрбиеленушілері де қатысқан. Мультфильмнің бас кейіпкері Саллиді - М. Әуезов атындағы қазақ академиялық драма театрының актері - Руслан Сенкебаев, Майк Вазовскиді - театр және кино актері Дулыға Ақмолда, Салли мен Майктың бәсекелесі - Рэнди Боггсты - Азамат Қанапия, ал жаңа кейіпкер - декан Хардскрабблды - актриса Лидия Каден дыбыстаған.

Мультфильмді қазақ тіліне дубляждау жұмыстары Cinema Ton Production студиясында жүргізілді. Дубляж режиссері - Айжан Жамшитова, аударманы қазақ тіліне бейімдеген - жазушы-сценариші Тұрысбек Сәукетаев және Салтанат Дүнгенбаева. Мультфильм Қазақстан кинотеатрларына Disney Digital 3D™ форматпен қазақ және орыс тілдерінде 2013 жылы 20 маусымда шығады.

Дубляж "Болашақ" қауымдастығының және MARWIN компаниясының бастамасымен және "Алтын қыран", "Самұрық-Қазына" қорларының қолдауымен іске асуда.

"Монстрлар Университетi" - қазақ тіліне дубляждалған бесінші Голливуд туындысы.

 

Қазақша трейлер:

 

Дереккөз және медиа-материалдар: meloman.kz

Пікірлер

  • сәтті шыққан сияқты

    • дос
    • |
    • 24 мамыр 2013 24.05.2013
    • |
    • 12:39

    Сонда қазақта "монстр" деген сөз бар бар болды ғой?! Ой, бәрекелді!!!

    • |
    • 2 желтоқсан 2016 02.12.2016
    • |
    • 18:00