• Біздің парақшалар:

"Қазақфильм" екі фильмге кастинг жариялады

Ш. Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясы өзінің болашақ екі картинасына кастинг жариялады.

Әділхан Ержанов түсіргелі жатқан, "Журналист экстрима" деген жобалық атауы бар көркем фильмге іріктеу жүргізілуде. Эпизодтағы рөлдерді сомдау үшін түрі қалыптан тыс, бет-әлпеті асимметриялы (мысалы, құлағы немесе мұрны, иегі үлкен)  адамдар шақыртылады.

Байланыс: +7 777 963 14 65, e-maill: kinosoldat@gmail.com

 

Сонымен қатар, Шарипа Оразбаева түсіретін "Мими" қысқаметражды фильмі үшін басты және екінші дәрежелі рөлдерге кастинг жарияланды. 

Басты рөлдер:

- Мими - 13 жасар қыз бала

- Гауһар - 13 жас қыз бала 

(қыздардың ұлты қазақ, қазақ тілін міндетті түрде білулері қажет)

Екінші дәрежелі рөлдер:

Мимидің анасы - 33 жас

Мимидің әкесі - 35 жас

Мұғалім апай - 35 жас

Арман - 13 жас

Настя - 13 жас

Гауһардың анасы - 50 жас

Еркек полицей - 50 жас

Әйел полицей - 35 жас

Кастинг  2013 жылғы 15 мамыр мен 05 маусым аралығында жүреді. Байланыс: +7 702 547 99 26 (Бекжан), 302-17-14

 

Құрметті оқырмандар!

Кастингке байланысты қандай да бір сұрақтарыңызды Киностанға емес, тек көрсетілген байланыс мәліметтері арқылы жолдауларыңызды өтінеміз.

Пікірлер