• Біздің парақшалар:

"Теңіз астындағы 20 мың лье" биыл түсірілмейді

"20000 Leagues Under the Sea" фильмінің (1954) постері

Жюль Верннің "Теңіз астындағы 20 мың лье" (түпнұсқа атауы: "Vingt mille lieues sous les mers") романы Дэвид Финчердің басшылығымен жаңаша түсірілетіні жарияланған еді. Өкінішке орай, жобаның түсірілім жұмыстары кейінге шегеріліпті.

Бастапқыда Walt Disney компаниясы фильмнің өндірісі 2013 жылғы маусымнан басталады деп жоспарлаған болатын. Бұл мерзім 2014 жылға шегіріліпті. Бұндай шешімге актерлер құрамының дайын болмауы себеп болған екен.

Осыған дейін басты рөлде Брэд Питт ойнайды деп айтылған еді, бірақ биыл актер жобадан бас тартты. Оның орнына Ченнинг Татум келуі мүмкін деген болжам бар. 

"Теңіз астындағы 20 мың лье" романының алғашқы экранизациясы 1954 жылы жарық көрді.

 

Дереккөз: kinonews.ru

Пікірлер