• Біздің парақшалар:

"Ымырт сагасы: Таң - 2 бөлім" еліміздің прокатында рекорд жасады

"Ымырт сагасы: Таң - 2 бөлім" фильмі Қазақстанда касса түсімі бойынша рекорд жасады. Кинотеатрларға шыққан алғашқы аптасында, яғни 15-18 қараша аралығындағы уикенд нәтижесі бойынша картина 172 530 416 теңге, немесе 1 150 203 АҚШ доллары көлемінде пайда түсірді. 

Бұған дейінгі отандық касса рекорды 2011 жылы шыққан "Кариб теңізінің қарақшылары: Тылсым жағалауда" ("Pirates of the Caribbean: On Stranger Tides"; "Пираты Карибского моря: На странных берегах") фильміне тиесілі еді. Аталған фэнтези туынды сол кезде бірінші уикендте 137 430 420 теңге (916 203 АҚШ доллары) тапқан болатын. 

"Ымырт сагасы: Таң - 2 бөлім" франшизаның ақырғы бөлімі. Фильмде Эдвард пен вампирге айналған Белланың отбасылық тағдыры баяндалып, олардың кішкентай қызына өзге вампирлерден төнген қауіптен түпкілікті арылу жайы көрсетіледі. 

 

Дереккөз: meloman.kz

Пікірлер