• Біздің парақшалар:

"Топас және одан өткен топас 2" жобасы тоқтап қалды

"Dumb & Dumber" (1994) фильмінің промо-суреті

Warner Bros. кинокомпаниясы "Топас және одан өткен топас" ("Dumb & Dumber" / "Тупой и еще тупее") комедиясының жалғасын түсіруден бас тартты. Студия жобаны үзілді-кесілді жауып тастаудан аулақ, дегенмен оны басқа кинокомпанияларға сатқысы келеді.

Режиссерлер Питер Фаррелли мен Бобби Фаррелли сиквел туралы жоспарды 2011 жылдан бері айтып келеді. Ағайындылар сценариді де дайындап қойған. Бірінші картинада басты рөлдерді сомдаған Джим Керри мен Джефф Дэниелс жалғасына қатысуға келісімдерін беріп қойған.

Еске сала кетелік, "Топас және одан өткен топас" фильмі 1994 жылы жарыққа шыққан еді. Комедия 17 млн. долларлық бюджетпен әлем прокатынан 247 млн. доллардан астам табыс түсірді.

 

Дереккөздер: kinonews.ru; lenta.ru

Пікірлер