• Біздің парақшалар:

Тим Бертон ерлі-зайыпты суретшілер туралы кино түсіреді

Тим Бертон

Тим Бертон ерлі-зайыпты суретшілер туралы шынайы оқиғаны экранға шығарады. Басты рөлдерде Эми Адамс пен Кристоф Вальц ойнайды екен.

Өмірбаян драмасы болған оқиғаларға негізделеді. Маргарет есімді суретші әйел (Эми Адамс) 1960 жылдары көздері ерекше үлкен балалардың портреттерін салумен айналысады. Өз атынан жариялауға ұялған әйел, авторы ретінде күйеуі Уолтер Кинді (Кристоф Вальц) көрсетіп жүреді. Екеуі танымал бола бастағанда ажырасуға мәжбүр болады. Осы кезде үлкен мәселе туындайды: картиналардың авторын дәлелдеу қиынға соғады. 

"Үлкен көздер" ("Big Eyes") деп аталатын драмаға сондай-ақ Теренс СтэмпДжейсон ШварцманКристен Риттер қатыспақ.

 

Дереккөз: lenta.ru

Пікірлер

  • бұл болған оқиғаға құрылған фильм емес пе, солай ғо, иә, өйткені осыған ұқсас жағдайды оқыған едім, соңында әйел дәлелдеп шығады, өзі салған сурет екенін,