• Біздің парақшалар:

"Түнгі қараңғылық" фильмінің приквелі шығады

Осама бен Ладен туралы "Түнгі қараңғылық" ("Zero Dark Thirty") фильмінің жұмыстары аяқталды. Оның режиссері Кэтрин Бигилоу енді туындысының приквелін қолға алмақ. Бұл жайында EW басылымы хабарлайды. 

"Түнгі қараңғылық" әлемдегі №1 лаңкестің көзін жою операциясы туралы. Ал приквелде 2001 жылы бен Ладенді Ауған тауларында іздестіру жайында баяндалуы тиіс. Басында осы сценарийдің негізінде түпнұсқа картинаны түсіру жоспарланған болатын. Бірақ фильм жұмыстары басталғаннан кейін Осама бен Ладеннің өлгені туралы хабар келеді. Режиссер сөйтіп жобаның мазмұнын өзгертіп, оны іздеу туралы емес, өлтіру туралы сюжеті бар фильм түсіреді.

Екі жыл жазылған бастапқы сценарийді де лақтырып тастауға қимаған Кэтрин Бигилоу соның негізінде приквел жасауға шешім қабылдапты. 

"Түнгі қараңғылық" фильмі келесі жылы жарық көреді. 

Пікірлер