• Біздің парақшалар:

Қазақстанның спорт чемпиондары туралы сериал шығады

Түсіру тобы қол қойған тәрелке / Фото: Аян Өтепбергеннің әлеуметтік желідегі парақшасынан

Қазақстанның Олипиада чемпиондары Илья Ильин, Александр Винокуров және Серік Сәпиев туралы телевизиялық сериал шығады. "Олимпийцы" деген көп бөлімді фильм биыл күзде "Қазақстан" арнасынан көрсетілмек.

Сюжетте Илья, Саша, Серік деген үш дос туралы баяндалады. Үшеуі спорт интернатында білім алады. Сериалда кішкентай Александрдың алғашқы жеңіске жеткен жарысы көрсетіледі. Серіктің көшедегі төбелестен кейін мүгедек болып қалып, әжесінің көмегімен аяққа тұрып кеткені баяндалады. 

Түсірілім барысы / Фото: Аян Өтепбергеннің әлеуметтік желідегі парақшасынан

Телесериалда спортшылардың аттары сақталғанымен, тектері өзгертілген. Кейбір оқиғалары да ойдан құрастырылған. Дегенмен, негізгі сюжеттің 70 пайызы шынайы өмірден алынған екен. 

Жобаға сценарий жазып, продюсерлігін атқарған - Питер Берман. Режиссердің есімі әзірге құпия ұсталуда.

Сериалда боксшы Серік Сәпиевтің рөлін Аян Өтепберген ("Жаужүрек мың бала"), ауыр атлет Илья Ильинді - бодибилдер Сергей Селишев, ал Александр Винокуровты - неміс театрының актері Филипп Волошин сомдайды.

Түсіру командасы алғашқыда жобаға қатысуға әлемдік жұлдыз - Джеки Чанды шақырмақ болған екен, бірақ бюджеттің шектеулі болуына байланысты бұл идея іске аспай қалған.

 

Дереккөз: Tengrinews.kz

Пікірлер

  • Michael kors outlet store locations in <a href="http://www.michaelkors-soutlet.com/"><strong>Michael Kors</strong></a>, michael kors website offer 2013 new styles michael kors bags. Great michael kors by michael kors are ready for you. All on sale michael kors in the online shop are from michel kors. The michael kors handbag are charming for <a href="http://www.michaelkors-soutlet.com/"><strong>Michael Kors Outlet</strong></a>, Our Michael Kors shop is a online outlet store for Cheap Michael Kors Purses,bags,handbags,wallets,Welcome to [http://www.michaelkors-soutlet.com/ <b>www.michaelkors-soutlet.com</b>].