• Біздің парақшалар:

"Тракторшының махаббаты" сериалының трейлері шықты

Қазақстандық "Трактористің махаббаты" ("Любовь тракториста") сериалы телеэфирге дайындалуда. Отандық жоба "Ел арна" телеарнасынан қыркүйек айында көрсетіледі деп жоспарланып отыр.

Телехикая Қазақстанның кино және эстрада жұлдыздарының басын қосып отыр. Басты рөлдерде Берік Айтжанов, "Кешью" тобының әншісі - Кәмшат ЖолдыбаеваДимаш АқымовГүлжан Қалыбаева ойнайды.

Сюжетте Белла есімді ауқатты, тәкаппар арудың жол апатына түсіп, есінен танып, кенеттен ауылда оянады. Ауыл өмірін көрмеген қыздың қызықты оқиғалары баяндалады.

16 сериядан тұратын сериалды Асқар Ұзабаев түсірген. Жобаға Баян Есетаева продюсер болды.

Трейлер: 

 

Дереккөз: elarna.kz, khabar.kz

Фотосурет: khabar.kz

Пікірлер