• Біздің парақшалар:

Джо Карнахан тағы бір комиксті қолға алды

Біз өткен аптада Джо Карнахан Марк Миллардың "Немезида" ("Nemesis") комиксіне негізделетін картинаның сценариін жазу үстінде екенін хабарлаған едік. Бұл Бэтмен туралы "Қара батыр" трилогиясына тең түсетін ауқымды жоба болады деп күтілуде.

Режиссер бұнымен тоқталып қалмай, тағы бір жобаны қолға алыпты. Deadline басылымының хабарлауынша, Карнахан Image Comics компаниясына тиесілі "Өлмейтін махаббат" ("Undying Love") комиксін де экранға шығаруды жоспарлап отыр. 

Томм Кокер мен Дэниел Фридман жасаған графикалық романда қызметінен босаған бір жауынгер туралы баяндалады. Ол Меи есімді қытай қызға ғашық болады. Бірақ қыз вампир болып шығады. Ғашығын бұндай ауыр қасіреттен айыру үшін, жауынгер оны вампирге айналдырған қанішердің көзін құртуы тиіс. 

Картинаның өндірісімен Warner Bros. студиясы айналысады. Фильмнің түсірілу мерзімі әзірге белгісіз.

 

Фотосурет: "Өлмейтін махаббат" комиксінің мұқабасы (с) geekscape.net

Пікірлер