• Біздің парақшалар:

"Монстрлар университеті" табысы 700 миллионнан асты

"Монстрлар университеті" мультфильмінің әлемдік табысы 715 миллион доллардан асты. Осы арқылы анимациялық туынды 2013 жылдың ең кассалы жобаларының ішінде төртінші орынға, ал биылғы табысты мультфильмдер рейтингінде екінші орынға ие болып отыр.

Еске сала кетелік, осыған дейін "Жексұрын мен 2" - 2013 жылдың ең табысты мульфильмі атанғаны белгілі. Оның әлем бойынша кассалық түсімі 800 миллион доллардан асты.

"Монстрлар университеті" Қазақстан прокатына қазақ және орыс тілдерінде 20 маусымнан бастап шыққан еді. Елімізде бұл туынды 155 миллион теңгеден астам пайда тапты.

Пікірлер