• Біздің парақшалар:

Л. Холден "Топас және одан өткен топас" сиквеліне түседі

Лори Холден

"Топас және одан өткен топас" ("Dumb & Dumber" / "Тупой и еще тупее") комедиясының жалғасына актриса Лори Холден түсетін болды. Оған басты зұлымды сомдау жүктеліпті.

Басты рөлдеріне қайтып оралуға бірінші фильмде ойнаған Джим Керри мен Джефф Дэниелс келісімдерін беріп қойған. Сиквел 2014 жылы жарыққа шығуы тиіс.

Лори Холден "Тірі өліктер" ("The Walking Dead") сериалы арқылы көпшілікке жақсы таныс. Сондай-ақ 2001 жылы Джим Керримен бірге "Мажестик" ("The Majestic") фильміне түскен еді.

 

Дереккөз: kinonews.ru

Пікірлер