• Біздің парақшалар:

Нил Бломкамптың "Чаппи" фильміне Хью Джекман түседі

Хью Джекман

Оңтүстік Африка режиссері Нил Бломкамптың болашақ фильміне Хью Джекман түсетін болды. "Чаппи" ("Chappie") деп аталатын кинотуындыға осыған дейін Шарлто Копли мен Дев Патель қатысады деп хабарланған болатын.

Сюжетте жасанды сана орнатылған робот туралы баяндалады. Оны екі қылмыскер ұрлап кетіп, теріс мақсатты пайдаланбақ болады.

Екі гангстерді Die Antwoord тобының мүшелері - Анри Ду Ту мен кіші Уаткин Тудор Джонс сомдамақ. 

"Чаппи" 2015 жылы жарық көреді деп жоспарланған.

 

Дереккөз: lenta.ru

Фотосурет: flickr.com; Сreative Сommons лицензиясы

Пікірлер