• Біздің парақшалар:

Ермек Шынарбаев фильміне Жерар Депардье түсуде

"Дала дауысы" фильмінің түсірілім барысы

Ш. Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясының жетекшілік етуімен "Дала дауысы" ("Голос степей") фильмі түсірілуде. Жоба режиссері - Ермек Шынарбаев.

Картинаға француз актері Жерар Депардье, қазақстандық актерлерден: Берік АйтжановҚарлығаш МұхамеджановаНұржұман Ықтымбаев түседі.

Сюжетте акустика маманы, француз Анатоль мен қазақ жігіті Абай туралы баяндалады. Кинотуынды екі қала - Париж бен Астана арасындағы рухани байланысты суреттейді.

Романтикалық драма бағытында болатын фильмнің сценариімен француз маманы Винсент Равалек пен қазақстандық Данияр Күмісбаев айналысқан. Жобаға Гүлнар Сәрсенова продюсер болады. Фильмді музыкамен әрлейтін - композитор Ақтоты Райымқұлова.

Фильм идеясы Жерар Депардьеге тиесілі екен:

- Мен Қазақстанға "Еуразия" халықаралық кинофестиваліне келген кезде, Иманғали Тасмағанбетов тамақпен ән айту өнерін тыңдауға шақырды. Мені бұндай ән қатты таңғалдырды. Осыдан кейін фильм түсіру идеясы пайда болды. Сіздердің елдеріңіз тамаша! Қазақстан табиғатының дауысы адамға көптеген жағымды эмоциялар сыйлайды деп есептеймін, - деді француз актері.

Түсірілім жұмыстары Астанада, Алматы облысында және Шарын шатқалында жүргізілген. Түсірімнің соңғы кезеңі қараша айында Францияда өтпек. "Дала дауысының" премьерасы 2014 жылдың көктеміне жоспарланған.

 

Дереккөз және фотосурет: "Қазақфильм" киностудиясы

Пікірлер