• Біздің парақшалар:

"Жолаушылар" жобасына Рэйчел МакАдамс қосылды

Рэйчел МакАдамс

Брайан Кирк түсіргелі жатқан "Жолаушылар" ("Passengers") фантастикалық фильмінің актерлік құрамына Рэйчел МакАдамс қосылды. 

Еске сала кетелік, сюжетте алыс сапарға жіберілген ғарыш кемесіндегі Джим Престон есімді жолаушы туралы баяндалады. Ол криоген ұйқысынан 90 жыл ерте оянып кетеді. Қайтадан ұйықтауға мүмкіндігінен айырылған кейіпкер жалғыз болғысы келмей жолаушы қыздардың бірін оятып алады. Сөйтіп, екеуінің арасында романтикалық қарым-қатынас пайда болады.

Джим Престонды Киану Ривз сомдайды. Ал Рэйчел МакАдамс оның кемедегі ғашығының рөлінде ойнауы тиіс. 

Жобаның жарыққа шығатын күні белгісіз.

 

Дереккөз: Variety

Фотосурет: flickr.com Сreative Сommons лицензиясы

Пікірлер