• Біздің парақшалар:

"Аңшы бала" Ресейде үздік балалар фильмі атанды

Ерлан Нұрмұхамбетов пен Бегарыс Елубай түсірген "Аңшы бала" фильмі Ресейдің Иркутск қаласынан жеңіспен оралды. 2013 жылғы 18-24 қазан аралығында өткен ІІ Халықаралық "Сердце Байкала" отбасылық және балалар фильмдерінің кинофестивалінде "Балалар мен жеткіншектерге арналған үздік фильм" атанды.

Биылғы форумға 13 елден 24 көркем және мультипликациялық фильмдер қатысқан екен. Фестиваль екі бағдарламаға бөлінді: отбасылық кино және балалар мен жеткіншектер киносы.

Осыған дейін "Аңшы бала" Голливудта өткен International Family Film Festival шарасында "Үздік шетелдік драма" номинациясы бойынша бас жүлде алып, басқа да бірқатар фестивальдарда сыйлықтармен марапатталды. 

 

Дереккөз: Ш. Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясы

Пікірлер