• Біздің парақшалар:

Астанада қазақ киносының апталығы

137ce9970e9a67eca8550849de6488c7

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай Астанада 2012 жылғы 10-15 желтоқсан аралығында "Қазақ киносының апталығы" өтеді.

Қала тұрғындары мен қонақтары бір апта бойына Ш. Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясы осы жылы өндірген көркем және деректі фильмдерді көре алады. Шараны ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі, Мәдениет комитеті және Ш. Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ ұйымдастырып отыр.

Апталық аясында "Армандастар" (режиссері - Ерлан Сағынов), "Аңшы бала" (режиссерлері - Ерлан Нұрмұхамбетов пен Бегарыс Елубай), "Шал" (режиссері - Ермек Тұрсынов), "Жаужүрек мың бала" (режиссері - Ақан Сатаев) секілді картиналар көрсетіледі. Сондай-ақ келесі кинотуындылардың премьералары болады: "Лотерея" (режиссері - Дамир Манабай), "Книга легенд: Таинственный лес" (режиссері - Ахат Ибраев) фэнтезиі және "Ер Төстік пен Айдаһар" анимациялық фильмі.

Шара кезінде Тұрар Рысқұлов, Мәжит Бегалин, Әбіш Кекілбаев, Асанәлі Әшімов секілді еліміздің жарқын тұлғаларына арналған деректі фильмдердің көрсетілімі ұйымдастырылады.

"Қазақ киносының апталығының" көрсетілімдері "Керуен" СО, "Кинопарк-7" кинотеатрларында және Оқушылар сарайында өтеді. Кіру тегін.

Фильмдердің таныстырылымдарына режиссерлер, актерлер, продюсерлер, киносыншылар қатысады.

 

Дереккөз: Ш. Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ баспасөз қызметі

Пікірлер