• Біздің парақшалар:

Ұлттық арнада "Ауыл сақшысы" сериалы басталады

"Қазақстан" ұлттық арнасында 2013 жылғы 11 қарашадан бастап "Ауыл сақшысы" деген сериал басталады. 

Сюжетте қаладан ауылға ауысып келген жас полицей туралы баяндалады. Жұмысы біткеннен кейін лейтенант қалаға оралмақ болады, бірақ махаббат оның жоспарын өзгертеді. Сериалда сондай-ақ жер қойнауында жатқан қазба байлық үшін жерге таласқан үлескерлер туралы сөз болмақ.

Жобаның сценариін жазған Бейбарыс Жұманиязов. Музыкасы Айдос Сағатовтыкы. Сериалды түсірген - белгілі режиссер Сәбит Құрманбеков, продюсері - Виктор Климов. Ауыл сақшысы рөлін Дәурен Серғазин сомдайды.

16 бөлімнен тұратын "Ауыл сақшысы" сериалы "Қазақстан" арнасында 11 қарашадан бастап көрсетіледі.

Клип:

Анонс:

Дереккөз: "Қазақстан" телеарнасы

Пікірлер