• Біздің парақшалар:

Еркін Рақышев "Кеш келген махаббат" деген фильм түсірді

Еркін Рақышев

Режиссер Еркін Рақышев "Кеш келген махаббат" деген фильм түсірді. Картинада нашақор мен дәрігер арасындағы махаббат сөз болады.

Сюжетте басты кейіпкер махаббатта жолы болмай, қатты күйзеледі. Ашу үстінде ол бейтаныс қызды зорлап кетеді. Кейін есірткіге құмарта бастайды. Жігіттің ата-анасы оны есірткіден емдеу диспансеріне орналастырады. Басты кейіпкер сол жерден медбике болып еңбек етіп жүрген зорланған қызды көреді. Бір қызығы сол - уақыт өте келе қыз нашақорға ғашық бола бастайды.

Фильмге Алматының наркологиялық диспансерінің шын емделушілері де қатысыпты. Режиссер бұл жағдайдың оқиғаларды шынайы жеткізуге септігін тигізгенін айтып отыр. Фильмде сондай-ақ адам өміріндегі діннің алар орны туралы да баяндалады.

"Кеш келген махаббат" Қазақстан прокатына биыл көктемде шығады деп жоспарланған. 

 

Дереккөз: express-k.kz

Фотосурет: np.kz

Пікірлер

    • |
    • 20 мамыр 2015 20.05.2015
    • |
    • 17:56

    нашар сапада түсірілген фильм екен. магынасы да бііір түрлііііііііііііііііііііііііііііііііііііііі

    • Gulzhan
    • |
    • 15 қараша 2014 15.11.2014
    • |
    • 19:53

    кашан интернетке шыгады коре алмай калып ем

    • Almas
    • |
    • 16 қараша 2014 16.11.2014
    • |
    • 19:46

    кашан интернеттен коруге болат? Жауап кутем

  • Кашан интернеттен коруге болады?

  • Еркін мырза, фильмдегі хиджап жайында айткан сөздеріңіз өте орынсыз, дінге катысты мәселелерді қозғар кезде имамдармен ақылдасканыңыз дұрыс.