• Біздің парақшалар:

"Капитан Американың" үшіншісі түсіріледі

"Captain America: The Winter Soldier" фильмінің тұсқағаз суреті

Капитан Америка туралы үшінші фильм жасалатын болды. Marvel басшылығы "Капитан Америка: Қысқы жауынгер" картинасын көргеннен кейін, келесі бөлімді түсіру қажет деп шешіпті.

Екінші фильмнің режиссерлері - ағайынды Энтони Руссо мен Джо Руссо үшіншіні түсіруге де ұсыныс алған. Әзірге бұл ақпарат ресми расталған жоқ.

"Капитан Америка: Қысқы жауынгер" ("Captain America: The Winter Soldier") 2014 жылы 26 наурызда жарық көреді.

 

Дереккөз: Variety

Пікірлер