• Біздің парақшалар:

86-шы "Оскар 2014" жеңімпаздары

Лос-Анджелесте Америка киноакадемиясының 86-шы "Оскар" марапаттау шарасы өтті. Шоуды Америка тележүргізушісі Эллен ДеДженерес басқарды.

Сонымен, 2013 жылдың үздіктері мыналар:

Үздік фильм:

- "Құлдықтағы 12 жыл" (Продюсерлер: Брэд Питт, Деде Гарднер, Джереми Клейнер, Стив МакКуин, Энтони Катагас)

Үздік актер:

Мэттью МакКонахи - "Далластың сатып алушылар клубы"

Үздік актриса:

Кейт Бланшетт - "Көгілдір көзді Жасмин"

Екінші пландағы үздік актер:

Джаред Лето - "Далластың сатып алушылар клубы"

"Далластың сатып алушылар клубы" сондай-ақ, "Үздік грим және шаш үлгісі" номинациясында үздік шықты.

Екінші пландағы үздік актриса:

Лупита Нионго - "Құлдықтағы 12 жыл"

Үздік режиссер:

Альфонсо Куарон - "Гравитация"

"Гравитация" сондай-ақ, "Үздік арнайы эффектілер", "Үздік дыбыс", "Үздік дыбыс монтажы", "Үздік оператор жұмысы" (Эммануэль Любецки), "Үздік музыка" (Стивен Прайс) номинацияларында жеңіске жетті.

Үздік түпнұсқа сценарий:

Спайк Джонс - "Оныкі"

Үздік бейімделген сценарий:

Джон Ридли - "Құлдықтағы 12 жыл"

Шет тіліндегі үздік фильм:

- Италия: "Таңғажайып сұлулық", режиссер Паоло Соррентино

Үздік анимациялық фильм:

- "Суық" (Walt Disney) 

"Суық" мультфильмі сондай-ақ, "Үздік ән" ("Let It Go" әні, авторлары - Kristen Anderson-Lopez, Robert Lopez) номинациясында жеңді

Үздік деректі фильм:

- "Жұлдыз болуға апарар 20 фут" ("20 Feet from Stardom")

Үздік костюм дизайны:

- Катрин Мартин - "Ұлы Гэтсби"

"Ұлы Гэтсби" сондай-ақ, "Қоюшы-суретшінің үздік жұмысы" номинациясында жеңіске жетті.

Үздік қысқаметражды фильм:

- "Гелий" ("Helium") - Андерс Уолтер, Ким Магнуссон

Үздік қысқаметражды деректі фильм:

- "6 номердегі Леди" ("The Lady In Number 6") - Малькольм Кларк

Үздік қысқаметражды анимациялық фильм:

- "Иллюминатор мырза" ("Mr Hublot") - Лорен Уитц, Александр Эспигарес.

 

Қосымша: 2014 жылғы "Оскар" номинанттары

Пікірлер