• Біздің парақшалар:

"Құдалар" деген отандық сериал шығады

КТК арнасында "Құдалар" деген сериал эфирге шығады. Тележоба 2014 жылғы 17 наурыздан бастап көрсетілмек.

Сюжетте Диас пен Мәдина есімді жұбайлар шетелге демалуға кетеді. Бес жасар қыздары - Аружанды ата-аналарының қарауына қалдырады. Диастың әке-шешесі - таза ауылдың тұрғындары, ал Мәдинаныкі керісінше - қалалықтар. Тәрбиелеудің әр түрлі әдісін ұстанған құдалар сәби үшін таласқа түседі. 

"Құдалар" сериалынан кадр

Сериалдағы оқиға украиндық "Сваты" тележобасының негізінде, қазақ көрермендеріне бейімделіп жасалған. Жобаға Бақытжан Әлпейісов, Ирина Ажмухамедова, Ерболат Оспанқұлов, Гүлнар Аманжанова, Айгерім Тоқтасын секілді актерлер қатысты.

 

Дереккөз: ktk.kz

Пікірлер