• Біздің парақшалар:

"Жолаушылар" фильмі дистрибьюторсыз қалды

Киану Ривз

The Weinstein Company дистрибьюторлік компаниясы Брайан Кирктің "Жолаушылар" ("Passengers") фильмін прокатқа шығарудан бас тартты. Осыған сәйкес фильмнің шығатын күні де белгісіз болып отыр.

Бастапқыда фантастикалық картинаның премьерасы 2015 жылғы 3 сәуірге бекітілген еді. Енді жаңа дистрибьютор табылмайынша, фильмнің болашағы беймәлім жағдайда.

Еске сала кетелік, сюжетте алыс сапарға жіберілген ғарыш кемесіндегі Джим Престон есімді жолаушы туралы баяндалады. Ол криоген ұйқысынан 90 жыл ерте оянып кетеді. Қайтадан ұйықтау мүмкіндігінен айырылған кейіпкер жалғыз болғысы келмей жолаушы қыздардың бірін оятып алады. Сөйтіп, екеуінің арасында романтикалық қарым-қатынас пайда болады.

Басты рөлдерде Киану Ривз пен Рэйчел МакАдамс ойнайды деп хабарланған еді. Соңғы ақпаратқа сәйкес, жобадан Рэйчел МакАдамс кетіп қалыпты. Түсірілім 2014 жылы сәуірде басталуы тиіс еді.

 

Дереккөз: The Hollywood Reporter

Фотосурет: flickr.com; Сreative Сommons лицензиясы

Пікірлер