• Біздің парақшалар:

"Жедел жәрдем" деген қазақша сериал шығады

"Қазақстан" ұлттық арнасында "Жедел жәрдем" деген сериал шығады. Жаңа қазақша телехикая 2014 жылы 9 сәуірден бастап көрсетілмек.

Сюжетте ерлі-зайыпты Ермек пен Алма үлкен медициналық орталықта бірі кардиолог, бірі акушер-гинеколог болып жұмыс істейді. Ермек жүрек ауруымен операцияға түскен өз қызының өмірін сақтап қала алмайды. Қайғыға төзе алмаған ерлі-зайыптылар ажырасуға дейін барады. Бірақ, екеуі бір-бірін еш ұмыта алмайды. Араға он жыл салып, олар жүрек ақауынан зардап шеккен қыз баланы асырап алуға бел буады.

24 бөлімнен тұратын сериал "Саламатты Қазақстан" бағдарламасы шеңберінде түсірілген. 

ТВ анонс:

 

Дереккөз: kaztrk.kz

Пікірлер