• Біздің парақшалар:

"Жаңа Өрмекші-адам 2" қазақша шығады

Биыл наурыз айында "Жаңа Өрмекші-адам 2" ("The Amazing Spider-Man 2") фантастикалық боевигін қазақ тіліне дубляждау жұмыстары басталды. Атақты блокбастердің жалғасы еліміздің прокатына қазақ және орыс тілдерінде 2014 жылы 24 сәуірден бастап жол тартады.

Жоба "Болашақ" қауымдастығының, Marwin компаниясының қатысуымен және "Алтын Қыран" қайырымдылық қорының қаржылық қолдауымен жүзеге асуда. Бұл осымен қазақ тіліне дубляждалған жетінші Голливуд кинотуындысы болмақ.

Фильмді дыбыстауға Мерей Әжібеков, Әлима Қайырбекова, Азамат Қанапиянов, Дархан Сүлейменов, Жәнібек Жақыпов секілді 2012 жылғы "Жаңа Өрмекші-адам" дубляжына атсалысқан актерлер қатысты.

Фильм қазақ тілді прокат үшін "Жаңа Өрмекші-адам: Кернеген қуат" деген атаумен шығады.

 

Қазақша дубляждалған трейлер:


Пікірлер

  • Аудармасы "Көліктер 2" мультфильміне жетпейтін сияқты.

    • НУКС
    • |
    • 12 мамыр 2014 12.05.2014
    • |
    • 14:13

    Аударыныздаршы