• Біздің парақшалар:

Биыл "Қара шаңырақ" деген отандық сериал шығады

Солдан оңға: Азамат Сатыбалды, Ақкенже Әлімжан, Қанағат Мұстафин, Бақытжан Әлпейісов

"Sataifilm" кинокомпаниясы отандық ірі тележобаның өндірісімен айналысуда. "Қара шаңырақ" деп аталатын сериал ағайынды үш жігіттің тағдырын баяндайды.

Бұл туралы Киностанға телехикаяның қоюшы-режиссерлерінің бірі Қанағат Мұстафин хабарлады. Режиссердің айтуынша, сериалда кездесетін көп оқиғалар шынайы өмірден алынған. "Сериалда көрермендер әр қилы сюжеттік бағытта өрбитін, кейіпкерлеріміздің сан-қилы күйкі тірліктеріне куә болмақ. Махаббат, сатқындық, достық пен араздық, сенім мен өкініш, сондай-ақ атыс-шабыс, ұрыс-төбелес, жанжал мен қайта табысу секілді неше түрлі оқиғалармен шиеленісіп жатқан өмір ағымы", - дейді Қ. Мұстафин.

Түсірілім жұмыстары биыл 24-ші ақпанда басталып, тамыздың соңына дейін жоспарланған. 100 сериядан тұратын жобаның түсірілімі еліміздің 4 қаласында - Астана, Қарағанды, Көкшетау, Алматыда өтеді.

Түсіру тобы

Жобаға Ақан Сатаев продюсер болады. Қоюшы-режиссерлер: Қанағат Мұстафин, Айдын Сахаманов, Әнуар Матжанов, Ерлан Нұрмұхамбетов. Сценарий жазуға Тимур Жақсылықов, Берік Сабыржанов, Елена Лисасина, Айдар Еспенбетов, Талғат Мұрат қатысқан.

Сериалда негізгі рөлдерде Азамат Сатыбалды, Әділ Ахметов, Дәурен СеріқазинБақытжан ӘлпейісовБолат Әбділманов, Алмат СақатовАқкенже Әлімжан, Әсел Қалиева, Саят Мерқұлов, Данияр Базарқұлов, т.б. актерлер ойнайды.

"Қара шаңырақ" телесериалы "Қазақстан" арнасынан 2014 жылы қыркүйекте көрсетілмек.

 

Фотосуреттер Қанағат Мұстафинға тиесілі.

Пікірлер