• Біздің парақшалар:

"Дивергент" фильмінің жалғасы 2015 жылы шығады

"Divergent" фильмінің тұсқағаз суреті

"Дивергент" фантастикалық боевигінің екінші бөлімі 2015 жылы наурызда шығады. 

"Бүлікші" ("Insurgent") деп аталатын сиквелді Роберт Швентке түсіреді. Оған бірінші фильмде ойнаған Шейлин ВудлиТео ДжеймсМайлз ТеллерДжай КортниКейт Уинслет секілді актерлер қайтып оралады. Сондай-ақ "Оскар" иегері Октавия Спенсер - негізгі рөлдердің бірін сомдамақ.

"Дивергент" фильмі 2014 жылы наурызда прокатқа шыққан еді. Өндірісіне 85 миллион доллар жұмсалған, Вероника Роттың шығармасына негізделген экранизация соңғы деректер бойынша әлемдік табысын 258 миллион долларға жеткізген.

 

Дереккөз: kinonews.ru

Пікірлер