• Біздің парақшалар:

"Галактика сақшылары" қазақша дубляждалды

Жылдың ең көп күтілген фильмдерінің бірі - "Галактика сақшылары" ("Guardians of the Galaxy") қазақ тіліне дубляждалды. Бұл осымен отандық кинонарыққа бейімделген тоғызыншы голливудтық жоба.

Дубляж режиссері ретінде Тимур Балымбетов жұмыс істеді. Актерлерді дыбыстауға Тимур Пиязов (Жұлдыз-Лорд / Крис Прэтт), Ержан Жарылқасынов (жанат Ракета / Брэдли Купер), Гүлназ Әуесбаева (Гамора / Зои Салдана), Руслан Сенкебаев (Дракс Қиратушы / Дэйв Батиста), Бейбіт Қамаранов (Ронан / Ли Пейс), Бауыржан Қаптағай (Грут / Вин Дизель) секілді әртістер қатысты.

"Галактика сақшылары" прокатқа қазақ және орыс тілдерінде 2014 жылы 31 шілдеден бастап шығады.

Қазақша дубляждалған трейлер:

Пікірлер

    • |
    • 5 сәуір 2016 05.04.2016
    • |
    • 20:39