• Біздің парақшалар:

"Махаббатым жүрегімде" қазанда көрсетіледі

Режиссер Асқар Ұзабаев пен продюсер Гүлнұр Мамасарипова "Хабар" арнасымен бірлесіп, "Махаббатым жүрегімде" деген жаңа тележобаны ұсынады.

12 бөлімнен тұратын сериал бай отбасынан шыққан, Кембриджде білім алған жігіт пен қарапайым ауылдың қызы арасындағы махаббат, бала мен ата-ана арасындағы күрделі қарым-қатынас туралы баяндайды.

Телефильмде басты рөлдерді Тәуекел Мүслім мен Гүлназ Жоланова сомдайды. Сериал "Хабар" арнасында 2014 жылы қазаннан бастап көрсетілмек.

Телеанонс:

Пікірлер