• Біздің парақшалар:

"Шал" фильмінің бас кейіпкері күтпеген жерден пәтерлі болды

Кино саласының дамуына үлкен үлес қосқан азаматтарға берілетін «Құлагер-2012» жүлдесі және «Экран шебері» төсбелгісі тапсырылған кеште "Шал" фильмінің қаһарманына айналған актер Ерболат Тоғызақов күтпеген жерден пәтерлі болды. Бір топ бизнесмендер жинап берген ақшаға сатып алынған пәтердің кілтін аталған фильмнің режиссері Ермек Тұрсынов ақсақалға табыстады.

"Шал" фильміне үздік фильм атағы атағы берілер сәтінде актер Асанәлі Әшімов сахнаға Тұрсынов пен Тоғызақовты шақырды. Сахнаға шыққан режиссер 64 жастағы актерға пәтердің кілтін ұсынды. Толқыған Тоғызақов қуаныштан көзінің жасына ерік берді.

Ерболат Тоғызақов Рысқұлов даңғылындағы "Қазақфильм" киностудиясының жатақханасында тіркелген, алайда жұмысқа келетін жол ұзақ уақыт алатындықтан актер студияның бір бөлмесін паналап жүріпті.

Жаңа пәтер студияның іргесінде орналасқан "Қазақфильм" ықшамауданын таңдалыпты. 

Ермек Тұрсынов бағасы 64 мың болған үйді сатып алуға көмектескен адамдардың аты-жөнін айтудан бас тартты.

Пікірлер

  • Ооо, жақсы жаңалық

  • Шал фильмі Қазақстанның Тәуелсіздік жылдарында түсірілген киноларының арасындағы ең үздік кино! Тіпті, Титаникпен иық тіресе алады. Шал киносы сөз жоқ-шедевр! Ермек Тұрсынов еліміздегі ең талантты режиссер! Ақан Сатаев,әрине, Мың баланы сәтті шығарды. Бірақ, қазір ұсақталып кетті. Соңғы кездері отандық телеарналарда кез-келген режиссердың қолынан келетін жеңіл-желпі фильмдерін ұсынып жүр. Сатаевты біз Мың баладан соң тек биіктерден көргіміз келген. Мүмкін, ол қаржы табуға байланысты болар.
    Ермек ағамыз біздің маңдай алды режиссерларымыздың бірі. Бір сөзінде Арқанкерген жайлы кино түсіргісі келетінін айтқан болатын. Әрине, ағамыз Қазақфильмнің қаржысына Арқанкергеннің шындығын айтып, фильм түсіре алмасын білеміз. Ол үшін Тұрсыновтың Сатайфильм секілді жеке киностудиясы болуы тиіс.
    Шал фильмі Отандық фильмдер ішінде ешқайсысына дес бермейді. Ермек аға!,өтініш, егер мүмкіндік болса, қиын да болса жеке кинокомпанияңызды ашыңыз! Демеушілер табыңыз! Сіз шындап кіріссеңіз, қазақ киносының алтын ғасырын қалыптастыра аласыз! Ал сіздің фильмдеріңіз міндетті түрде халық ықыласына бөленіп, мол табыс әкеледі!