• Біздің парақшалар:
  • Ереже

Осы уеб-ресурсты қолдана отырып, келесі шарттармен және талаптармен келісуіңіз керек:

 

1. Қолданушы

1.1. Қолданушы - сайтымыздың басты құндылығы. Қолданушының ниеттері мен талаптары сайт әкімшілігі тарапынан барынша ескерілетін болады. Қолданушылардың сайтты пайдалануына ыңғайлы болуы үшін барлық қолдан келер мүмкіндіктер қарастырылатын болады.

1.2. Қолданушылар өзара тату қарым-қатынаста болуы керек. Өзгелерге сыйластық танытпаған қолданушыға әкімшілік ескерту жасай алады. Ескерту орындалмаған жағдайда қолданушы сайттан қуылады.

 

2. Пікір жазу

2.1. Пікір жазудың да өз әдебі бар. Балағат сөз қолданған, өзгелерді кемсіткен, дін-ұлтқа қатысты кемсітулер жазған қолданушылар сайттан ескертусіз қуылады.

2.2. Сондай-ақ тақырыптан тыс, жазылған материалға қатысы жоқ пікірлер, жарнама, негізі мен себебі жоқ гиперсілтемелер жойылады, ал оны жазған қолданушы ескерту алады немесе сайттан қуылады.

 

3. Сайт әкімшілігі

3.1. Сайт әкімшілігі сайттағы кез-келген ахуалға жауап беруге міндетті. Қолданушылардың бассыздығы, басқа да ереже, заң бұзушылықтарға жол бермейді.

3.2. Сайттың контенті әкімшіліктің мақұлдауымен жарияланып отырады. Егер сайтта киноға мүлдем қатысы жоқ, басқа саладағы материал жарияланса - сайт бұзылды деп есептеңіз.

3.3. Сервердің бұзылуы (құлауы, ақауы) кесірінен сайт ашылмай қалса - оған әкімдік жауапты емес. Әдетте, қызмет көрсетуші компания бұндай техникалық ақауларға жауап береді. 

 

4. Контент

4.1. Сайтта жарияланған материалдар түрлі ақпарат көздерінің, баспасөз релиздерінің, әлеуметтік желілердегі ресми тұлғалардың мәлімдемелерінің, әріптес компаниялар берген хабарламалардың, т.б. дерекөздердің негізінде жазылады. Тиісінше ақпарат көзіне сілтеме беріліп тұрады.

4.2. Сайтта қолданылған трейлерлер мен басқа да видеолар ресми ақпарат таратушы объектінің ресурстарынан алынады. Әдетте, youtube видео-порталының контенті қолданылады.

4.3. Фотосуреттер алынған дереккөздерге сілтеме міндетті түрде беріліп отырады.

4.4. Сайттағы медиа-контент Creative Commons лицензиясымен еркін түрде таратылатын ресурстардан алынады.

 

Ескерту: Сайттың ресми тілі - қазақша. Сәйкесінше, пікірлерді қазақша жазу сұралады.

 

Сайттың қағидасы сайт әкімшілігінің мақұлдауымен жарияланды және басқа сайттардың ереже-талаптары үшін сәйкес емес. Осыған орай, осы беттегі қағиданың басқа сайттарға көшірілуіне рұқсат жоқ.

 

(с) Киностан

 

 

Қосымша біле жүріңіз:

1. Көрермендердің жас ерекшеліктеріне қатысты фильмге берілетін рейтингтер мен шектеулер (MPAA; Қазақстанның рейтинг жүйесі)

2. Кинотеатрда өзіңді қалай ұстау керек?

3. Киноға рецензия қалай жазылады?