• Біздің парақшалар:
  • Көрермендердің жас ерекшеліктеріне қатысты берілетін рейтингтер мен шектеулер

MPAA рейтинг жүйесі


MPAA Ассоциациясы (Американдық киноассоциация, Motion Picture Association of America) ата-аналарға балаларының көруіне болатынан немесе болмайтынын анықтауға көмектесетін рейтинг жүйесінің негізін салушы болып табылады.


Бұл жүйе сынаушы функциясын атқармайды, картинаға жақсы-жаман деген баға бермейді. Ол киноны цензураға ұшыратпайды, тек балалар үшін қауіптілік әлеуетін түсіндіреді. Бұндай бағаны ата-аналардың өздері береді - жіктеу мен рейтингтер бойынша әкімшілік басқармаға негізінен солар кіреді.


Қазіргі уақытта MPAA рейтинг жүйесі төмендегідей болып келеді:

 

G рейтингі — Жасқа шектеу қойылмайды

 

Бұндай рейтингті мазмұнында балалардың психикасына әсер ететін көріністері болмайтын фильмдер алады. Дегенмен, егер картина рейтингін алса, фильм тек қана балаларға арналған деп те қабылдауға болмайды. Негізінен рейтингін отбасыға арналған классикалық комедиялар мен мультфильмдерге береді. 

 

PG рейтингі — Ата-аналардың қадағалауы ұсынылады

Бұл рейтингті ата-аналардың тарапынан қадағалауды талап ететін фильмдер алады. Картинаның кейбір көріністерін ата-аналар балалары көруіне болмайды деп есептеуі мүмкін. Бірақ фильмде есірткі пайдаланатын, сексуалды эпизодтар мен көріністер мүлдем болмайды. PG рейтингі хоррор немесе триллер жанрындағы фильмдерге ешқашан берілмейді.

 

PG-13 рейтингі — 13 жасқа дейінгі балаларға көру ұсыналмайды

Ата-аналарға қадала ескертіледі. Бұндай рейтингке мазмұны 13 жасқа толмаған балалар үшін қажетсіз болып есептелуі мүмкін фильмдер ие болады. Бұл рейтинг бойынша экранда зорлық-зомдылық және жалаңаштану көріністері болмайды, бірақ есірткімен байланысты нақтыланбаған эпизодтар мен секспен байланысты сөздер кездесуі мүмкін.

 

R рейтингі — 17 жасқа дейінгі тұлғалар үшін ересектердің қадағалауы міндетті 

рейтингін мазмұнында міндетті түрде тек қана ересек көрермендерге арналған материалы бар фильмдер алады. Ата-аналар бұндай фильмдерге балаларын ілестіріп апармас бұрын, жақсылап ойланып алу қажет.

рейтингіне ие болған фильмде көп жағдайда сексуалды көріністер, есірткі пайдаланумен байланысты эпизодтар, боқтық сөздер, зорлық-зомбылық бейнелер кездеседі.

 

NC-17 рейтингі — 17 жасқа дейінгі тұлғалар үшін көруге тыйым салынады

Бұл рейтинг бойынша, барлық ата-аналар бұндай шектеу алған өнім 17 жасқа толмаған тұлғалар үшін көруге болмайтынын білуі тиіс. Фильмде өте ашық сексуалды сәттер, аса ауыр зорлық-зомдылықтары бар эпизодтар мен сәйкес слэнгтер кездесуі мүмкін. Алайда бұл рейтинг әдепсіз немесе порнографиялық фильм дегенді білдірмейді.

Көп кинотеатрлар NC-17 рейтингін алған картиналармен байланыспауды қалайды. Сондай-ақ осындай фильмдерді бұқаралық ақпарат құралдарында жарнамалауға тыйым салынады.

 

Фильмнің рейтингі қалай анықталады?

Әрбір белгілі бір киноөнім үшін арнайы комиссия құрылады. Фильм көрсетіліп, талқыланғаннан кейін дауыс беру жүргізіледі, нәтижесінде рейтингке ие болады. 

 

Картинаның продюсерлері комиссияның шешімімен келіспесе, аппеляцияға бере алады. Бұндай жағдайда 14-18 адам қатысатын қайтадан комиссия отырысы өтеді. Комиссия фильмді қарап, содан кейін продюсерлердің келіспеушіліктерін талқылайды. Осыдан соң рейтингке ықпал ететін көріністері анықталады және комиссияның ресми шешімі продюсерлік штабқа жіберіледі.


Әрі қарай картинаны жасаушылар өздері шешім қабылдайды: не осы көріністерді алып тастайды, не қайта түсіреді (қайта монтаждайды), не комиссияның шешімімен келіседі.

 

 

Қазақстанның рейтинг жүйесі


Қазақстанда да көрермендердің жас ерекшеліктеріне қатысты фильмдерге рейтинг тағайындау жүйесі бар. Олардың шартты белгілері төмендегідей:


К - Әртүрлi жастағы көрермендерге арналған фильмдер

 

 

БА - Он екi жасқа толған балаларға көрсетуге рұқсат берiлген фильмдер

 

 

Б14 - Он төрт жасқа дейiнгi көрермендерге ата-аналарымен бiрге көруге ұсынылатын фильмдер

 

 

Е16 - Он алты жасқа дейiнгi көрермендерге ата-аналарымен бiрге көруге ұсынылатын фильмдер

 

 

Е18 - Он сегiз жастан асқан көрермендерге арналған фильмдер

 

 

 

Дереккөздер: arman3d.kz, kinopoisk.ru