• Біздің парақшалар:
  • Киноға рецензия жазу

Кино тақырыбында рецензия жазуға арналған шағын кеңес

 

Рецензия деген не?

 

Рецензия – сіздің фильмге берген жалпы бағаңыз. Бұндайда біз бірнеше бағыттарды басшылыққа аламыз: 

  • Сценарий;
  • Режиссура;
  • Актерлердің ойыны;
  • Операторлық жұмыс;
  • Дыбыс режиссерінің, композитордың жұмысы;
  • Визуалды әсерлері.

 

 

Сценарий:

 

Фильмнің сәтті шығуының елу пайызы сценарийге байланысты.

 

Басты міндеттер:

- Оқиғаларды ойша жіктеу;

- Оқиғаларға субъективті көзқарасымызды білдіру;

- Сценарист жұмысына баға береміз;

- Сюжетке шолу жасаймыз.

 

 

Режиссура

 

Басты міндеттер:

- Режиссердің жұмысына жалпы баға береміз;

- Түсірілу стиліне, ерекшеліктеріне тоқталамыз;

- Режиссердің осыған дейінгі жұмыстарына тоқтала отырып, қазіргі талданып отырған фильмімен салыстырамыз;

- Жетіспейтін тұстарын айқындаймыз, сәтті тұстарын атап өтеміз.

 

 

Актерлердің ойыны

 

Басты міндеттер:

- Актерлердің құрамына шолу жасаймыз;

- Рольді сомдау шеберліктеріне тоқталамыз;

- Басты рольді сомдаушылардың шеберлігіне талдау жасаймыз;

- Қосалқы рольдердегі актерлер құрамына тоқталамыз;

- Актерлер құрамына жалпы баға береміз.

 

 

Операторлық жұмыс

 

Басты міндеттер:

- Түсірілу стиліне, жанрына мән береміз;

- Киноның айтқысы келген ойын оператор қаншалықты жеткізе алғандығына тоқталамыз;

- Кейбір сәттерді, көріністерді бере білу шеберлігін талдаймыз;

- Салыстырулар келтіреміз.

 

 

Музыка

 

Басты міндеттер:

- Эмоционалды көріністерді сүйемелдеудегі сазгердің шеберлігіне мән береміз;

- Саундтректің дұрыс таңдалғанына көңіл аударамыз;

- Әртүрлі оқиғаларға байланысты қойылған әуендердің сәйкестігін талдаймыз;

- Фильм композиторының жұмысына жалпы баға береміз.

 

 

Фильмнің сырт келбеті

Фильмде қолданылған арнайы эффектілергедыбысталуынакомпьютерлік графикасынаактерлердің костюмдерінегримделуіне, т.б. Қосалқы әсерлеріне талдау жасаймыз.

 

 

Құрылымы:

A. Кіріспе. Фильмді бағалауға кіріспес бұрын рецензия үшін тақырып тағайындап алу қажет. Осы тақырыптың аясында, сол тақырыпты басшылыққа ала отырып рецензия жазасың. Бұл рецензияның өзегі.

B. Динамика. Бұл жерде сіз қарқын аласыз. Фильмнің суреттемесіне қысқаша тоқталасыз да, құрылымдық талдауға көшесіз. Аталған алты басым бағыттарды басшылыққа ала отырып еркін көсілесіз

C. Шешімі. Ақырғы қорытуға кірісеміз. Жазылған рецензияны жалпылай түйіндейміз.

D. Аяқтау. Фильмді қорытындылап болған соң, рецензияны өз сөзімізбен, не өз ойымызбен әдемі сөздермен аяқтаймыз.

 

 

Тыйым салынады:

 

- Пікір түрінде жазуға. Мысалы: «Күшті», «Ұнамады», «Керемет» деп бір ауыз сөзбен қысқа қайырып тастауға болмайды.

- Рецензия ауызекі тілде қолданып жүрген сөздермен жазылмауы тиіс. Бұл да өзге шығармалар секілді көркем әрі ұғынықты тілмен жазылады.

- Рецензияны еріктен тыс жазуға болмайды. Рецензия жазу кезінде еш қызығушылық болмаса, іш пысып кетсе, рецензия жазуды қоя салу керек.