• Біздің парақшалар:
  • Нұркен Өтеуілов

Еңбек жолы:
Актер
Туған күні:
14 маусым, 1974
Туған жері:
Қазақ КСР, КСРО
Өмірдерек:

Өтеуілов Нүркен - Қазақстан актері, әнші. ҚР еңбек сіңірген қайраткері.

1976 жылы 14 маусымда  Алматы облысы, Ұйғыр ауданы, Шошанай ауылында туған.

1994 жылы Т. Жүргенов атындағы Қазақ Мемлекеттік театр және кино институтының «Драма және кино актеры» бөліміне оқуға түсіп,  ҚР халық әртісі Кәукен Кенжетаевтың, Есім Сегізбаевтың кластарында білім алды. Институт қабырғасында оқып жүріп: «Малиновкадағы той» – шал, «Пай,пай жас жұбайлар» – Қасым, «Алдар Көсе» – Алдар, «Үкілі Ыбырай» – Нұржан бейнелерін сомдаған.

1998 жылы Қазақстанның өнер қайраткері, профессор Қ. Жетпісбаевтың шақыртуымен Ақмола қаласы Қ. Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрына жолдамамен қызметке келіп, он жыл ішінде сахнаға бірнеше қойлымдарда бас рольдерді ойнады.

2000 жылы ҚР Жастар Одағы сыйлығының лауреты.

2001  жылы Қызылжар театр фестивлінде  Скапен образы үшін  «Ең үздік ер ролі»номинациясымен марапатталды.

2006 жылы  ҚР Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының  лауреты.

2012 жылы  Астана қаласы әкімінің арнайы сыйлығының Гран-при иегері.

2012 жылдың 20-26 қазан аралығында Алматы қаласында Орталық Азия Мемлекеттерінің IV Халықаралық Театрлар фестиваліне әлемдік классиканың хас шебері, ұлы жазушы У. Шекспирдің «Гамлет» трагедиясымен қатысты. Гамлет бейнесі үшін – «Ең үздік ер бейнесі» номинациясын жеңіп алды.

2011 жылы «ҚР еңбек сіңірген қайраткері» атағын иеленді. 

 

Дереккөз: kazteatr.kz

ТолығырақЫқшамдау

Үздік фильмдер:

Қатысқан фильмдері:

Саған сенемін (мини-сериал)

2018, Актер

Рейтинг: 8

Дауыс саны: 1

Мұздағы жалын (мини-сериал)

2018, Актер

Рейтинг: 0

Дауыс саны: 0

Алтын ұя (мини-сериал)

2016, Актер

Рейтинг: 0

Дауыс саны: 0