• Біздің парақшалар:
  • Джеки Чан

Еңбек жолы:
Актер, Режиссер, Сценарист, Продюсер
Туған күні:
7 сәуір, 1954
Туған жері:
Қытай
Өмірдерек:

Джеки Чан (Jackie Chan) - Атақты әртіс, каскадер, кинорежиссер, продюсер, сценарист, әнші.

Джеки Чан 1954 жылы 7 сәуірде Гонконг қаласында кедей отбасында дүниеге келген. Оның шын есімі Конг-Санг Чан, Гонконгтан шыққан деген мағынаны білдіреді. Ата-анасы тақыр кедей болғандықтан, болашақ әртіс бала күнінде аштықты талай бастан кешкен. Кейін ата-анасына жұмыс табылып, Австралияға қоныс аударғанда, 6 жасар Джеки отанында қалып, Қытай жабық драма академиясына оқуға қабылданады. Ол кезде академия оқушылардың ата-анасымен шарт жасасып, егер бала әлдеқалай жарақат алып немесе қайтыс болып кеткен жағдайда оқу орны жауап бермейтінін мәлімдейді екен. Сөйтіп, тағдыр тәлкегіне қалған ол академиядағы нағыз қатаң тәртіптің тезіне түсіп, таңғы 5-тен тұрып, 16-17 сағат бойына созылатын тынымсыз жаттығулардың шыңдалуынан өтеді.

1971 жылы академияны бітіріп, кинодағы жолын каскадерліктен бастаған қайтпас қайсар Джеки Чан актерлік өмірде де небір аса қауіпті трюктерді өзі орындап, басын талай қатерге тіккен. Екі омыртқасын, мұрнын, аяғы мен қолын да талай сындырып, кеңірдегін жаралап, көзінен де айырылып қала жаздаған. Тіпті бас сүйегін де сындырып, өлімнен қалғанын жұрт біле бермейді.

Сонымен қатар Джеки Чан әнші, көптеген киноларындағы әндерді өзі орындаған, 80 жылдардан бастап қазіргі күнге дейін 20 альбомды әндер жинағын шығарған. 

2016 жылы Джеки Чан кинематографқа қосқан зор үлесі үшін құрмет "Оскарын" алды.


Дереккөз: kk.wikipedia.org

Фотосурет: commons.wikimedia.org

ТолығырақЫқшамдау

Үздік фильмдер:

Қатысқан фильмдері:

Айдаһар мөрінің құпиясы

2019, Актер, Продюсер

Рейтинг: 0

Дауыс саны: 0

Жат елдік

2017, Актер, Продюсер

Рейтинг: 7

Дауыс саны: 1

Кунг-фу Йога

2017, Актер, Продюсер

Рейтинг: 0

Дауыс саны: 0

Жаңғақты жұмыс 2: Табиғат дәмі

2017, Актер

Рейтинг: 0

Дауыс саны: 0

ЛЕГО Ниндзяго Фильм

2017, Актер

Рейтинг: 0

Дауыс саны: 0

Кунг-фу Панда 3

2016, Актер

Рейтинг: 8

Дауыс саны: 1

Із қуу

2016, Актер, Продюсер

Рейтинг: 8

Дауыс саны: 1

Қытай зодиагы

2012, Актер, Режиссер, Сценарист, Продюсер

Рейтинг: 0

Дауыс саны: 0

Кунг-фу Панда 2

2011, Актер

Рейтинг: 8,889

Дауыс саны: 9

Кунг-фу Панда

2008, Актер

Рейтинг: 9

Дауыс саны: 9

Құдайдың сауыты 2: Кондор операциясы

1991, Актер, Режиссер, Сценарист

Рейтинг: 0

Дауыс саны: 0

Құдайдың сауыты

1986, Актер, Режиссер

Рейтинг: 8

Дауыс саны: 1