• Біздің парақшалар:
  • Елубай Өмірзақов

Еңбек жолы:
Актер
Туған күні:
14 желтоқсан, 1901
Туған жері:
Ресей империясы
Өмірдерек:

Өмірзақов Елубай (1.1. 1899, қазіргі Қостанай облысы Таран ауданы – 2.4.1974, Алматы) – актер, ұлттық театр өнерінің негізін қалаушылардың бірі, Қазақ АКСР-інің халық әртісі (1931).

Өмірзақов еңбекке ерте араласты. Болашақ актердің талантын танып, өнерге баулыған әрі оны оқуға үйреткен сол кездері (1914) ауыл ұстазы, жазушы-драматург Б.Майлин

 1923– 1925 жылдары Орынбор қаласындағы Қазақтың халық ағарту институтында оқыған. 1924 жылы Орынбор қаласында қойылған М.Әуезовтің “Еңлік – Кебегі” және Ж.Ерданаевтың “Малқамбайында” Өмірзақов Абыз бен Малқамбай рөлдерінде ойнады. Бұл актердің сахналық өнерге бүтіндей бет бұруына үлкен әсер етті. 

1925 жылы Қызылорда қаласында Қазақ мемлекеттік драма театры (қазіргі Қазақтың мемлекеттік академия драма театры) құрылғанда А.АбдуллинІ.Бадыров,С.Байғожин және С.Оспановпен бірге Өмірзақов та алғашқы ұлт театрының іргетасын қалап, оның өркен жаюына мол үлес қосты. 

1927 жылы Мәскеу қаласында өткен этнографиялық концертке қатысты. 1931 жылы қазақ сахна шеберлері қатарынан режиссер Ж. Шанинмен бірге театрдың бес жылдық мерекесіне байланысты Өмірзақов республиканың тұңғыш халық әртісі атағына ие болды.

Өмірзақов қазіргі Қазақтың мемлекеттік академия опера және балет театрын (1934) ұйымдастырушылардың бірі, осы театр сахнасында қойылған Әуезов пен И.В. Коцыктың “Айман – Шолпан” (1934) және Майлин мен Е.Г. Брусиловскийдің “Жалбыр” сияқты музыка спектакльдерінде халық өкілі, тапқыр Жарас пен күзетші Қайрақбайдың рөлін орындады. 

1930 – 1940 жылдары драма театрында ойнаумен ғана шектелмей, радио мен филармонияға, эстрадалық концерттер мен кино өнерінің дамуына да қызу ат салысты, табиғи талантының әр қырынан танылды. Халық өнерінің қайнар көзінен нәр алған Өмірзақов әйгілі халық батыры Амангелдінің (әуелі Майлин мен Ғ.М. Мүсіреповтің осы аттас спектаклінде; одан кейін осы аттас фильмде, 1938), сондай-ақ Жарас пен Дәркембайдың бейнесін (Әуезовтің “Түнгі сарыны” мен “Абайында”; соңғы рөлі үшін КСРО Мемлекеттік сыйлығы берілді, 1952) шеберлікпен сомдады.

Өмірзақов ойнаған рөлдерінің саны 150-ден астам.

1938 жылдан киноға түсті: Жексен (“Райхан”, 1940), Ерден (“Абай әні”, 1945), Ақтанбай (“Дала қызы”, 1954), Бақсы (“Атамекен”, 1967; Қазақ КСР-і Мемлекеттік сыйлығы, 1968), т.б. 2-дүниежүзілік соғыс (1942 – 1943) жылдары майданның алғы шептерінде болып, жауынгерлерге мәдени қызмет көрсетті. Өмірзақов халық әндерін (“Шәпибаяу”, “Кербесті”, “Нақ-нақ”, “Қыздар-ау”, “Заулатшы-ай”, т.б.) шебер орындаушы ретінде де белгілі. 1936 және 1958 жылдары Мәскеу қаласында өткен қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігіне қатысты. 1975 жылдан Алматы қаласында ол тұрған үйге (Қабанбай батыр көшесі, 89-үй) мемориалдық тақта орнатылып, актер есімімен көше (бұрынғы 14-линия) және Қостанай облысы филармониясы аталды. Бірнеше орден, медальдармен марапатталған.

 

Дереккөз: wikipedia.org

Фотосурет: taran.kz

ТолығырақЫқшамдау

Үздік фильмдер:

Қатысқан фильмдері:

Алдар Көсе

1964, Актер

Рейтинг: 1

Дауыс саны: 1

Алтын мүйіз

1948, Актер

Рейтинг: 0

Дауыс саны: 0

Абай әндері

1945, Актер

Рейтинг: 1

Дауыс саны: 1

Амангелді

1938, Актер

Рейтинг: 0

Дауыс саны: 0