• Біздің парақшалар:
  • Сатыбалды Нарымбетов

Еңбек жолы:
Режиссер, Сценарист
Туған күні:
7 наурыз, 1946
Туған жері:
Қазақ КСР, КСРО
Өмірдерек:

Нарымбетов Сатыбалды (Сәкен) Жәлелұлы (1946) – жазушы, кинорежиссер. 

Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.

Мәскеу қаласындағы мемлекеттік кинематография интернатын (1969 жылы ), ал 1984 жылы жоғары режиссерлік курсты (Данелияның шеберханасы бойынша) бітірген.

1969 жылдан “Қазақфильм” студиясында сценарийші әрі кинорежиссер ретінде қызмет етіп, балаларға арналған “Шоқ пен Шер” фильмінің сценарийін (1971 жылы) жазды. Нарымбетов бұдан кейін “Құрманғазы” аттыдеректі фильмін (1972 жылы), “Зауал” (1981 жылы) мен “Күзгі бұралаң жол” (1984 жылы) қысқа метражды фильмін, сондай-ақ “Ұрын келген күйеу” (1987 жылы), “Созақтан шыққан Гамлет” (1990 жылы), “Көзімнің қарасы”, “Жас аккордеоншының өмірбаяны”, “Омпа” (1998 жылы), тағы басқа көркем фильмдерді қойды.

“Тентек” (1968 жылы), “Ассалаумағалейкум, Атлантида!” (1981 жылы) атты повесть, әңгімелер жинақтары жарық көрген. 

1970 жылдан - «Қазақфильм» киностудиясының кинорежиссері.

2005 жылдан бері - Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ «Дебют» бірлестігінің жетекшісі. Жан Виго атындағы Халықаралық кпубтың мүшесі (Париж қаласы).

КСРО, ҚР Жазушылар одағының мүшесі.

ҚР Мемлекеттік сыйлығының (1996), Франция киноакадемиясының Жорж Сэдуль сыйлығының (1996) лауреаты. «Құрмет» орденімен марапатталған (1996). Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері (2006).

Жұбайы - Ізмағанбетова Ізтөле, марқұм, драматург, Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы анимациялық фильмдер бірлестігінің жетекшісі болған. Ұлдары - Нарымбетов Асқар-Мұхит (1968 жылы туған), кинорежиссер; Нарымбетов Ескендір (1977 жылы туған), кинооператор.

 

Фотосурет: eurasia.kazakh.ru

ТолығырақЫқшамдау

Үздік фильмдер:

Қатысқан фильмдері:

Аманат

2015, Режиссер, Сценарист

Рейтинг: 7

Дауыс саны: 2