• Біздің парақшалар:
  • Гүлжан Қалыбаева

Еңбек жолы:
Режиссер, Актриса
Туған жері:
Қазақ КСР, КСРО
Өмірдерек:

Гүлжан Биболқызы Қалыбаева - Қазақстан актрисасы.

 Оңтүстік Қазақстан облысы, Түлкібас ауданында дүниеге келген.

Әкесі Бибол Қалыбаев мамандығы бойынша биолог қызын Алматыға алып келіп, туыстарының үйінде қонақ болып жатқанда Гүлжан туыс сіңлісімен хореографиялық училищеге ілесіп барады. Селезнев атындағы хореографиялық училищеге сіңлісі емес, Гүлжан қабылданады.

4 сыныпта оқып жүргенде 9 жасар Гүлжан Қалыбаеваны Лаврентий Сонның «Сани в гору и под гору» атты қысқаметражды фильміне түсуге шақырады. Селезнев атындағы хореографиялық училищені 1987 жылы "Балет бишісі" мамандығымен тәмамдайды.

Училищені бітірген соң Т. Жүргенов атындағы Өнер академиясына түсіп, Тілектес Мейрамов пен Шолпан Жандарбековалардың жетекшілігімен "актерлік шеберлік" мамандығы бойынша бітіріп шығады.

Кейін Әзербайжан Мәмбетовтың шақыртуымен М.Әуезов атындағы Мемлекеттік драма театрына актриса болып қабылданады. Онда 1992-1993 жылдар аралығында еңбек етіп, кейін "Тамаша" ойын-сауық театрына ауысады. "Тамаша" ойын-сауық театрында ойнап жүріп, Ғ. Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрында да өнер көрсеткен,

Т.Жүргенов атындағы Өнер академиясында биден сабақ берген. 1996 жылы «Күлкі керуені» ойын-сауық театрын ашады. 2011 жылы режиссерлік қырынан танылып, «Әй, еркектер-ай» атты фильм түсіреді. Басты рөлді Берік Тұрсынбеков ойнаған. 

Сегіз жасында әкесінен айрылған. Бір рет тұрмыста болған, жолдасы созылмалы дерттен қайтыс болған. 

 

Дереккөз: massaget.kz

ТолығырақЫқшамдау

Үздік фильмдер:

Қатысқан фильмдері:

Айман-Шолпан (сериал)

2016, Актер

Рейтинг: 4

Дауыс саны: 2

Тракторшының махаббаты

2013, Актер

Рейтинг: 7

Дауыс саны: 2