• Біздің парақшалар:
  • Джет Ли

Еңбек жолы:
Актер, Режиссер, Сценарист, Продюсер
Туған күні:
26 сәуір, 1963
Туған жері:
Қытай
Өмірдерек:

Джет Ли (Jet Li) – Қытай киноактері, у-шу шебері. Шын есімі - Ли Ляньцзе (Li Lian Jie). 

1963 жылы 26 сәуірде Бейжіңде дүниеге келген. 8 жасында мектепке барған. Өзге оқушылар сияқты бірінші сыныпты бітірген соң жазғы спорт лагеріне барып, сол жерде у-шуды үйрене бастайды. Демалыстан соң балалардың ішінде тек Лидің у-шуды жалғастыруын ұстаздары қатты қалайды. Сол сәттен бастап күнделікті жаттығулар басталады.

1972 жылы ұлттық чемпионатқа кез болып, «Үздік шебер» сыйлығын иеленеді.

1974 жылы Қытайда у-шудың үздіктерінің үздігін іріктеу сыны өтеді. Нәтижесінде 30 адамнан тұратын елдің Ұлттық құрамасы құрылады. Оның ішінде Джет Ли де бар. Топқа АҚШ-қа Қытайды таныстыру жүктеледі. Осы сапар оның өмірінде маңызды рөл алады.

1975 жылы 12 жасында оны үшінші чемпионаттың іріктеу турына жібереді. Сол жылы 4 алтын медальдің иегері болады.

1977 жылы Ұлттық жарыста Джет Ли у-шудан бірінші орын иеленеді. 18 жасында оны киностудияға шақырады. Алғашқы рөлін 1982 жылы «Шаолин ғибадатханасы» фильмінде сомдайды.

1987 жылы спортшы Хуан Цюяньға үйленген. Екі қызы бар. 1990 жылы ажырасқан. 1999 жылы Джет Ли Гонконг актрисасы Нина Ли Чиға үйленеді. Джейн және Джадуатты екі қызы бар.

 

Мәтін: wikipedia.org

Фотосурет: flickr.com; Сreative Сommons лицензиясы

ТолығырақЫқшамдау

Үздік фильмдер:

Қатысқан фильмдері:

Жанқиярлар 3

2014, Актер

Рейтинг: 6

Дауыс саны: 1

Жанқиярлар 2

2012, Актер

Рейтинг: 6

Дауыс саны: 1

Айдаһар қақпасы

2011, Актер

Рейтинг: 0

Дауыс саны: 0

Жанқиярлар

2010, Актер

Рейтинг: 6

Дауыс саны: 1