• Біздің парақшалар:
  • ACE

Еңбек жолы:
Актер
Туған күні:
28 тамыз, 1993
Туған жері:
Қазақстан
Өмірдерек:

Азамат Қайратұлы Ашмақын, ACE (28 тамыз 1993 жылы туған, Алматы, Қазақстан Республикасы) - қазақстандық әнші, Ninety One тобының мүшесі ретінде танымалдыл болды.

Темірбек Қараұлы Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының колледжінде актерлік шеберлік мамандығын бітірген. Аудармашы мамандығы бойынша Абылайхан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде испан және ағылшын тілдерін меңгерді.

2012 жылдан 2015 жылдар аралығында Оңтүстік Корея елінде дарындыларды іздестіру, продюсерлік және дыбыс жазумен айналысатын S.M. Entertainment (кор. SM엔터테인먼트) атты музыкалық агенттігінде тағылымдамадан (стажировка) өткен. Осы елде ACE 2,5 жыл тұрып, корей тілін жетік меңгерген.

Қазіргі таңда 2014 жылы құрылған, Қазақстандағы алғаш рет Q-pop музыкалық жанрының негізін салушы Ninety One тобының вокалисті және жетекі бишісі. Сондай-ақ топ арасында «топ келбеті» атағына ие. 

 

Фотосурет: НТК

ТолығырақЫқшамдау

Үздік фильмдер:

Қатысқан фильмдері:

Ninety one

2017, Актер

Рейтинг: 6,4

Дауыс саны: 5

Қағаз кеме (мини-сериал)

2017, Актер

Рейтинг: 7,5

Дауыс саны: 2