• Біздің парақшалар:
  • Рю Мураками

Еңбек жолы:
Режиссер, Сценарист
Туған күні:
19 ақпан, 1952
Туған жері:
Жапония
Өмірдерек:

Рю Мураками (Ryu Murakami) - жапон жазушысы, режиссер. Шын есімі - Рюноскэ Мураками.

Сасэбо қаласында суретші отбасында дүниеге келген. Студент кезінде рок-топ құрып, соның құрамында барабаншы болды. Кейін регбимен айналысты, мектеп газетіне жазып тұрды.

Рю Муракамидің әдебиет стилі мектептен кейін қалыптаса бастады. 1970 жылдары Токио маңындағы Фусса қаласына көшеді. 

1976 жылы "Көктің барлық реңдері" деген алғашқы романын шығарды. Маргинал жасөспірімдердің күнделікті өмірін баяндайтын шығарма сенсацияға айналды, ал авторы Акутагава әдебиет сыйлығын алады. Осы романнан кейін сыншылар Муракамиді жапон әдебиетінде жаңа бағыттың негізін қалаушы деп атады.

Ол сондай-ақ «Сақтау камерасының балалары», «69» атты романдарымен және «Экстаз», «Меланхолия» және «Танатос» бөлімдерінен тұратын трилогиясымен белгілі.

Жазушылықтан бөлек Мураками режиссерлікпен де айналысады. Оның жұмыстары - өзі жазған шығармалардың кинонұсқалары.

 

Фотосурет: tokyoweekender.com

ТолығырақЫқшамдау

Үздік фильмдер:

Қатысқан фильмдері:

Пирсинг

2018, Сценарист

Рейтинг: 0

Дауыс саны: 0