• Біздің парақшалар:
  • Ермек Аманшаев

Еңбек жолы:
Режиссер, Сценарист, Продюсер
Туған күні:
12 наурыз, 1963
Туған жері:
КСРО
Өмірдерек:

Ермек Аманшаев (1963 жылы туылған, қазіргі Қарақия ауданы, Құрық ауылы ) – жазушы-драматург, ҚР Жазушылар одағының, театр қайраткерлері қоғамының мүшесі. ҚазМУ-дың филология факультетін (қазіргі ҚазҰУ) бітірген (1985). 1985 – 95 жылдары Орталық мемлекеттік мұражайында ғылыми қызметкер, «Қазақ Совет энциклопедиясында» ғылыми редактор, «Жалын» журналында жауапты хатшы, ҚазМУ-да оқытушы, 1995 жылдан ҚР Президент аппаратының мәдениет және бұқаралық ақпарат құралдары мен байланыс секторының меңгерушісі, Мәдениет министрінің орынбасары болды. «Үзілген бесік жыры», «Қыр астындағы бір ғажайып әлем» драмаларының авторы. Республикалық мерзімді баспасөз беттерінде бірқатар әдеби-сын, зерттеу мақалалары жарияланған.1990 жылы Мәскеуде өткен Бүкілодақтық жас драматургтер фестивалінің жеңімпазы. Сириялық драматург С.Ваннустың «Сұлтан болсам егер мен» атты пьесасын қазақшаға аударған. Қазақстан Жастар одағы сыйлығының лауреаты. 

Шығармалары: Үзілген бесік жыры», «Қыр астындағы сол ғажайып әлем», «Сұлтан болсам мен егер», «Жұлдыздарда бір сыр бар» пьесаларының, «Мен Абылайды әке дер ем», «Мұхтар Әуезов», «Албасты туралы аңыз» атты деректі және көркем фильмдердің авторы. Ф.Кафканың, С.Ванустың шығармаларын қазақ тіліне аударған.

Қазақстан Жастар одағы сыйлығының лауреаты. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.

 

Дереккөз: kk.wikipedia.org

Фотосурет: eurasiaiff.kz

ТолығырақЫқшамдау

Үздік фильмдер:

Қатысқан фильмдері:

Елес қуған сайыпқыран

2014, Продюсер

Рейтинг: 0

Дауыс саны: 0

Ликвидатор

2011, Продюсер

Рейтинг: 7,889

Дауыс саны: 9

Келін

2008, Продюсер

Рейтинг: 0

Дауыс саны: 0