• Біздің парақшалар:
  • Сәбит Оразбаев

Еңбек жолы:
Актер
Туған күні:
29 қаңтар, 1936
Туған жері:
КСРО
Өмірдерек:

Сәбит Қоңырбайұлы Оразбаев (29.1.1936 ж.туылған, Сайрам ауданы қазіргі Бәйдібек ауылы) – актер, Қазақ КСР-інің халық артисі (1976), Өзбекстан Республикасының еңбек сіңірген артисі (1994).

1959 жылы Алматы мемлекеттік өнер институтының (қазіргі Алматы мемлекеттік консерваториясы) актерлік факултетін (профессоры ауылы Тоқпановтың жетекшілігімен) бітірді. Сол жылдан Қазақтың мемлекеттік академ. драма театрының құрамында актер.

Осы театр сахнасында алғаш ойнаған рөлдерінің бірі – Байсейітов пен Шаңғытбаевтың «Беу, қыздар-ай» комедиясындағы Сұлтан.

Ол – ойнайтын сахналық кейіпкерінің психолог-әлеуметтік жағын баса көрсетуге ұмтылатын, актерлік шеберлігі жоғары суреткер. Сәбит Қоңырбайұлы Оразбаев 1972 жылдан киноға түскен, кезінде «Қымызхана» телеспектакліне де (Шөңгебай рөлі) қатысқан. 1970 жылдан Қазақтың мемлекеттік академ. драма театры студиясында педогогткалық қызметпен шұғылданды. Қазақтың мемлекеттік академ. драма театры құрамымен Ширазда (Иран, 1973), Нансиде (Франция, 1984),т.б. қалаларда болды.

Сәбит Қоңырбайұлы Оразбаев кезінде КСРОмемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комитеттің, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мемлекеттік сыйлығының. жөніндегі комитеттің мүшесі болды. Қазақстан Республикасы мемлекеттік сыйлығының. лауреаты (1994, соңғы жылдардағы рөлдері үшін). «Парасат» және Еңбек Қызыл Ту ордендерімен марапатталған.

 

Дереккөз: kk.wikipedia.org

Фотосурет: thenews.kz

 

ТолығырақЫқшамдау

Үздік фильмдер:

Қатысқан фильмдері:

Біржан сал

2009, Актер

Рейтинг: 5,833

Дауыс саны: 6