• Біздің парақшалар:
  • Меңтай Өтепбергенов

Еңбек жолы:
Актер
Туған күні:
7 тамыз, 1946
Туған жері:
Қазақ КСР, КСРО
Өмірдерек:

Меңтай Смағүлұлы Өтепбергенов - киноактер, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі (1996). Мәскеу цирк училищесінің Алматыдағы филиалылың клоунада және пантомима бөлімін (1968), Бүкілодақтық кинематография институттын бітірген (1974). 

1946 ж. 7 тамызда Семей облысы, Бесқарай ауданы, Беген ауылында дүниеге келген. 1968 ж. Алматы эстрадалық-цирк училищесінің  сайқымазақтық және пантомима  бөлімін (Мәскеу цирк училищесінің филиалы, Перкун шеберханасы) аяқтаған. 1974 ж. Бүкілодақтық Мемлекеттік Кинематография институтының актерлік бөлімін аяқтады (Б. Бабочкин шеберханасы).

"Гүлдер" жастар эстрадалық ансамблінің негізін қалаушылардың бірі, (1969-1970 жж.). 1974 ж. бастап Ш. Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясының штаттағы актері.

Меңтай Өтепбергенов 2016 жылы 5 қаңтарда ұзақ дертінің салдарынан қайтыс болды


ТолығырақЫқшамдау

Үздік фильмдер:

Қатысқан фильмдері:

Ликвидатор

2011, Актер

Рейтинг: 7,889

Дауыс саны: 9

Рэкетир

2007, Актер

Рейтинг: 8,333

Дауыс саны: 3